Жазғы лагерь — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Алабота орта мектебі» КММ

Жазғы лагерь

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министтрлігі Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы Тайынша ауданының білім бөлімі «Алабота орта мектебі КММ» Министерство науки и образования Республики Казахстан Управления образования Северо-Казахстанской области Отдел образования Тайыншинского района КГУ «Алаботинская средняя школа»

C:\Users\77472\Downloads\maxresdefault_fkGVyxJ.jpeg

Мектеп жанындағы «Болашақ» сауықтандыру лагері

Пришкольной оздоровительный лагерь «Болашақ»

(2.06-30.06.2025 ж.)

Тәрбиешілер: Усаева М. Е .

Медер А.Д.

Бекітемін Мектеп директоры: _________ Актаева М. Е «__» маусым 2024 ж.

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңын ұйымдастыру және қызметінің негіздері

Болашақ сауықтандыру алаңының мақсаты: Белсенді демалысты ұйымдастыру, балалардың толыққанды демалуын, олардың шығармашылық дамуы мен сауығуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау.
Міндеттері : баланың бойында патриоттық сезімдерді, өз отбасына, үйіне, Отанына деген сүйіспеншілік пен құштарлықты дамыту үшін жағдай жасау, балаларға өзін қазіргі қоғам өмірінің қатысушысы ретінде сезінуге мүмкіндік беру; зорлық-зомбылық пен агрессияға және олардың кез келген түрдегі көрінісіне теріс көзқарасты қалыптастыру, өзін-өзі, басқа адамдарды және олардың мәдениетін құрметтеу және тану; дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға қызығушылықты ояту, өз денсаулығын нығайту қажеттілігін қалыптастыру; балалардың интеллектуалды және танымдық қабілеттерін, коммуникативті, қолданбалы дағдыларын және тәуелсіздігін дамыту; балалар қызметін ұйымдастырудың әртүрлі нысандары арқылы балалардың жол-көлік жарақаттануының және басқа да қауіпті жағдайлардың алдын алу; жазғы кезеңде балалардың демалысын ұйымдастыруда ата-аналардың сұраныстарын қанағаттандыру.
Функциялары: ■ сауықтыру; ■ қосымша білім беру; ■ тәрбиелеу; ■ дамыту; ■ әлеуметтендіру

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде балалар лагерьлерінің / орталықтарының жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттар

  • МӘДЕНИ-РУХАНИ БАҒЫТ КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТ:

тәрбиелік жобалар:

  • «Пять дней в ауле», «Я — в ауле»: ауыл өмірімен танысу бойынша жобалар;
  • «Баурсак Fest», «Kurtfest»: ұлттық тағам фестивалі «Наследие»,
  • «Этностиль»: мәдениет пен тұрмысты, ұлттық киімді зерделеу бойынша жобалар;
  • «Каникулы off-line»: туған өлке бойынша экскурсиялар;
  • «Әдеби кештер»: поэзия мен әдебиет кештері, шығармаларды талқылау;
  • «Дәстүрлі өнер фестивалі»: фестивальдер, шеберлік сыныптары, халық өнері және қолөнер көрмелері;
  • «Музыкалық мұра»: ұлттық музыка және аспаптар концерттері;
  • «Қазақ киносы»: қазақстандық фильмдерді талқылау;
  • «Кітап бағы»: кітап алмасу және оқылған шығармаларды талқылау;
  • «Фольклорлық айтыс»: айтыстар, поэтикалық жарыстар және т.б
  • Экологиялық бағыт
  • «Жасыл дақ» және «Эко-идея»:
  • экологиялық жобалар және «жасыл» инновациялар байқаулары;
  • «Табиғатты аялайық»: суреттер байқаулары;
  • «Қайта жаңғыру»: тұрмыстық шикізатты қайта өңдеу және қайта пайдалану жөніндегі эко-челлендждер;
  • «Қайта өңдеу шеберханасы»: қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шеберлік сыныптары;
  • «Қалдықсыз қалашық», «Құтқару операциясы»: қоршаған ортаны тазарту жөніндегі эко-акциялар;
  • «Жасыл Ел»: қоқыс жинау марафондары;
  • «Жасыл батырлар»: еріктілердің эко-жарыстары;
  • «Су сақшысы»: суды үнемдеуге арналған экономикалық ойындар;
  • «Эко жарыс»: экологиялық квесттер;
  • «Табиғатқа саяхат»: экологиялық саяхаттар; «Жасыл бақ»: эко-ботаникалық көрмелер және т.
  • Көркемдік эстетикалық бағыт

тәрбиелік жобалар:

  • «Өнерлі шебер»: шығармашылық көрмелер;
  • «Сазды сәлем»: музыкалық байқаулар;
  • «Бейнелеу байқауы»: суреттер байқаулары;
  • «Жас ақын»: поэтикалық жарыстар;
  • «Қолөнер құпиясы»: қолөнер жәрмеңкелері;
  • «DiskoDance»: хореографиялық байқаулар;
  • «ҚойылымStar»: театр қойылымдарының фестивальдері;
  • «TikTok Life»: қысқа метражды фильмдер байқауы;
  • «Мир в кадре»: фото байқаулар және фото көрмелер;
  • «Қолөнер көрмесі»: қолөнер көрмелері;
  • «Фото саяхат»: фото-квесттер және т.б.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒЫТЫ:

 

  • «Ең жылдам»: таза ауада сауықтыру жүгірісі;
  • «Табиғат тренажеры»: кедергілер жолындағы жарыстар, СӨС жолы;
  • «Сауықтыру сапары»: жаяу серуендеу және экскурсиялар;
  • «Фитнес фестивалі»: фитнес жарыстары;
  • «Спортокуспен бірге»: күнделікті спорт сағаты;
  • «Черлидинг»: фитнес элементтері бар спорттық би байқауы.
  • Азаматтық патриоттық бағыт
  • «Менің Отаным»: патриотизм тақырыбына эссе байқауы;
  • «Ерлік эстафетасы»: ұлттық батырлардың ерліктерін насихаттау бойынша жобалар;
  • «Мен патриот!»: әлеуметтік бастамалар байқаулары;
  • «Тарихи квесттер»: ел тарихы бойынша квесттер;
  • «Сүйікті менің отаным»: азаматтық патриотизм бойынша іс шара;
  • «Батырлар жолы»: елдің батырлары мен тамаша адамдарына арналған экскурсиялар .
  • Экономикалық бағыт

 

  • «Бизнес fest»: бизнес негіздері және өз ісін дамыту бойынша сабақтар;
  • «Мен кәсіпкермін»: нарықты талдау мен қаржылық модельдеуді қоса алғанда, бизнес-жобаларды жоспарлау және іске асыру бойынша шеберлік сыныптары;
  • «Сәтті сауда»: тиімді сату және клиенттерді тарту әдістері, келіссөздер әдістері бойынша экономикалық ойындар;
  • «Маркетинг жолдары»: маркетинг, брендинг және тауарлар мен қызметтерді жылжыту негіздері бойынша сабақтар;
  • «Цифрлық бизнес»: цифрлық кәсіпкерлік, электрондық коммерция және онлайн-маркетинг бойынша воркшоп;
  • «Стартап сапары», «Қазақстан Startup саммиті»: стартаптары;
  • «Жас новатор»: бизнес және технологиялар саласындағы үздік инновациялық шешімге арналған байқаулар;
  • «Қаржылық білім»: жазғы қаржылық сауаттылық сабақтары және т. б

Бекітемін Мектеп директоры: _________ Актаева М. Е «__» маусым 2025

Күн тәртібі

Уақыты Іс-әрекет атауы
10:00-10:15 Балаларды қабылдау
10:15-10:30 Таңертеңгілік жаттығулар
10:30-11:00 көркемдік-шығармашылық қызмет- топтық жұмыстар (конкурстар, шығармашылық іс-шаралар)
11:00-11:30 Үйірме жұмыстары(ағылшын сабақтары)
11:30-12:30 Қимылды ойындар
12:30-12:50 Үстел ойындары
12:50-13:00 Күн қорытындысы, балаларды үйге шығарып салу

Мектеп жанындағы алаң үшін күнтізбелік — тақырыптық жоспарлау

№ Апта күндері Бағыттары Іс-шара нысандары
1 дүйсенбі Азаматтық-патриоттық Зияткерлік ойындар, квестер, танымдық-ойын-сауық ойындары және басқалар
Бейінді Рөлдік ойындар, экскурсиялар, командалық ойындар, шеберлер қаласы және басқалар
2 Сейсебі Экологиялық Экочеллендждер, ұжымдық ойындар, эко қозғалыстар, экологиялық десант, «Тропинка» операциясы, «Жасыл ел», «Ресурстарды үнемдеу» экологиялық жобалары. Су және электр энергиясы «экологиялық әдеттер лотереясы», экомаршруттар және басқалар
Көркем- эстетикалық «Алло, біз таланттарды іздейміз», «Үздік пародия» конкурстық бағдарламалары, «Даңқ минуты» мерекелері, әдеби жобалар, «Рекордтар күні» шығармашылық ойындары, «Әдептілік күні», кино-жобалар, әдеби клубтар, кинофильмдер клубтары, музыкалық шайқастар, тикток конкурстар және басқалар
3 Сәрсенбі (қазақ тілі,ағылшын тілі күні) Лингвистикалық, тілдік Ойындар калейдоскобы, Полиглот конкурсы, КВН (гаджеттерсіз тірі байланыс және басқалар)
спорттық Топтық, ұжымдық ойындар және басқалар.
4 Бейсенбі Рухани-адамгершілік, отбасылы Нәтижелі ойын, экскурсиялар, іскерлік ойын, білгірлер турнирі, виртуалды кітап көрмесі, «Мейірімділік күні» саяхат ойындары, театрландырылған қойылымдар, рөлдік ойындар, этножобалар, коучинг — сессиялар және тб.
Спорттық Тимбилдингтер, эстафета ойындары, спорттық викторина, үздік спортшылардың көрсетілімдері
5 Жұма Экономикалық Балаларға арналған Іскерлік ойындар, жағдаяттар
СӨС,спорттық,дене шынықтыру- сауықтыру Денсаулық сәті, көңілді старттар, дене шынықтыру демалыстары, мерекелер, музыкалық терапия, ертегі терапиясы, библиотерапия, арт терапия

 

Тәрбиешілер: Усаева М. Е .

Медер А.Д.

Біздің жасақ:

«Болашақ»

C:\Users\77472\Downloads\1676675876_gas-kvas-com-p-detskoe-uchrezhdenie-risunok-47.jpg

Біздің ұранымыз:

Жаздың ыстық күнінде, демалысқа шығамыз. Бір топ бала жиылып, Лагерьге біз барамыз.

 

Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Алабота орта мектебі» КММ